2017 жылғы 17 қазанда Ермек Тұрсынов атындағы кинозалда ҚР Ұлттық кітапханасында істеп тұрған Е.Тұрсыновтың киноклубының аясында «Не горюй» (1969ж.) атты Георгий Данелий фильмінің көрсетілімі және талқылануы өтті.
«Не горюй!» — 1969 жылы режиссер Георгий Данелийдің комедиялық-драмалық көркем фильмі. Фильм – әйгілі режиссердың түсті таспаға түсірген алғашқы кинолентасы және ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Грузияға аттандыратын, француз жазушысы Клод Тильенің «Мой дядя Бенжамен» атты романың еркін түрдегі экрандалуы. Георгий Данелий француздық жеңілдік пен көңілділікті грузиндық даналық пен мұқияттылығымен оңай «ұйқастырып», кинотаспаны шексіз қуаныш пен жастық жігермен толтырды. Бұл фильмде Г.Даниелий өзінің сүйікті актерларының бірі – Вахтанг Кикабидзені түсірді, кейінірек режиссердың «Совсем пропащий» (1973), «Мимино» (1977), «Фортуна» (2000) атты фильмдерінде де атақты актер өз көрінісін табады. «Паспорт» (1990) фильмінің басты рөлі де осы актерге арналып жазылған. Фильм Боржоми — Бакуриани тар өлшемді темір жолында түсірілген. Данелийдің сөзі бойынша кинотаспа Леонид Гайдай мен Сергей Параджановтың кері әсерлерін туғызды, бірақ Федерико Феллинимен жоғары бағаланған.
|