KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058495
2019 жылы:  124030
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.10.2017

   2017 жылғы 14 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда «Тамшы, Бұлақ! Разия, Марзия, Фатима. Неунесенные ветром» атты Сөз бен Әуен Кеші өтті.

   Іс-шара тағдырларында ХХ ғасырдағы Жетісу тарихының бірінші жартысы көрінісін табатын, үш әпкелі-сіңілі – Разия, Мәрзия және Фатима Ғабитоваларға арналды. Бай тарихы бар қасиетті жер - Қапалда туылып, өмір бойы тазалық пен адалдық нышаны ретінде Тамшы-Бұлақ бұлағы туралы ешқашан ұмытпаған. Көптеген дарыны мен айрықша адами қасиеттері бар үш әпкелі-сіңілінің шын мәнінде «желмен айдалып әкетілмеген» - тағдырына түскен бар ауыртпашылық пен қиыншылықтарға қарамастан сағы сынбаған.
   Кездесу үш әпкелі-сіңілі Ғабитовалардың ұрпақтарымен, ҚР Ұлттық кітапханасымен, ҚР Ұлттық кітапханасына қарасты Мұхтар Әуезовтың ғылыми кабинетімен, Ілиас Жансүгіровтың қоғамдық қорымен ұйымдастырылды. Іс-шараға  өнер қайраткерлері және Ғабитовалардың туған-туысқандары, Фатима Ғабитованың ұлы – Мұрат Әуезов қатысты. Кездесуде естеліктер мен ой-толғаныстар естіліп, өлеңдер мен ән орындалды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование