KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058141
2019 жылы:  123676
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.10.2017

   2017 жылғы 17 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасы Сулеймание кітапханасынан (Түркия) алып келген қолжазбалар мен сирек басылымдардың тұсаукесер рәсіміне арналған дөңгелек үстел өтті.

   Ғылыми брифингте алып келінген қолжазбалар мен бірегей басылым кітаптардың құндылықтары туралы талқылау өтті, сонымен қатар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған мәдени-рухани жазба мұралары туралы мәселелер көтеріліп, олардың ел игілігіне, жастардың тәлім-тәрбиесіне әсері туралы айтылды. Брифингке отандық және шетелдік білікті мамандар арнайы шақырылды.
   Іс-шара аясында Әл-Фараби атындағы ҚазМУ Шығыстану факультетінің студенттеріның қатысуымен Сулеймание кітапханасының (Түркия) сыйланған Ұлттық кітапхананың Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан шағатай тіліндегі қолжазбалардың көрмесі ұйымдастырылды.
   Сонымен қатар, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлерінің Сиуас қаласындағы (Түркия) Жумһуриет университетінің  профессоры және ұстазы Биләл Южелмен «Шағатай тіліндегі тексттер: оқу, түсіну және зерттеу тәсілдері» тақырыбына кездесуі өтті.
   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы мен Әл-Фараби атындағы ҚазМУ Шығыстану факультеті.


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование