KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885609
2019 жылы:  19324
бүгiн:  1
қазiр:  108
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.10.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің ғалымдар залында белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Сұлтан Сартайұлы Сартаевтың 90 жасқа толуына орай «Заңгер. Ғалым. Саясаткер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген. 1949-1952 жж. Мәскеу мемлекеттік заң институтының аспиранты.
   С.Сартаев Мәскеу заң институтында «Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасының құрылуы мен дамуы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация (1952), М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Социалистік мемлекетіліктің құрылысы және Қазақстанның халықтық өкілеттілігі жоғарғы органдарының проблемалары» атты  докторлық диссертациясын қорғайды (1970). Профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1975), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1995), Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі (1996), Қазақстан Республикасының Жоғарғы білім беру академиясының академигі (2003).
   С.Сартаев еңбек жолын 1952 жылы Алматы мемлекеттік заң институтында аға оқытушы, 1955 жылы ─ кафедра меңгерушісі, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), 1997 жылы ─ Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры, 1989-1994 жылдары Қазақстан заңгерлер Одағының президенті, ТМД елдері Заңгерлер одағының Халықаралық үкіметтік емес бірлестігінің орынбасары, 1992-2007 жылдары Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры. 1990 жылы өзінің Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (КИПМО) құрды.
   С.Сартаев «Қазақ Совет мемлекетінің құрылуы мен қалыптасуы» атты кітаптың авторы (1960), «Советтік Қазақстандағы мемлекет және құқық тарихы» (1961), «Одақтас Республикалардың ұлттық мемлекеттілігі» (1968), «Қазақ ССР мемлекеттік билігінің ең жоғарғы өкілді органы» (1972), «Қазақ ССР-нің мемлекет және құқық тарихы» (1982), «Қазақстан тарихы және мемлекеттік құқығы  жайлы материалдар» (1994) және т.б. Тәуелсіз мемелекеттің құрылуына, бірқатар маңызды заңдардың қалыптасуына атсалысты, 1993 жылғы ҚР Конституциясы авторларының бірі. Оның қаламынан шыққан 500-ден астам ғылыми еңбектер, 20 монография, 30 оқулық пен оқу құралдары және кітапшалар тиесілі. Заңгер ғалымдарды және жоғарғы білікті мамандарды тәрбиеледі. Оның басшылық етуімен 3 докторлық және 40 кандидаттық диссертация қорғалды.
   Қазақстанның заң ғылымына қосқан үлесі, ғылыми жетістіктері үшін С.Сартаев жоғарғы мемлекеттік наградалармен: «Парасат» (2001), «Құрмет белгісі» (2009), және III дәрежелі «Барыс» (2009) ордендерімен, «Еңбек ардагері», «Тың жерлерді игергендегі еңбегі үшін» медалдарымен марапатталды. ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері.  Қырғыз заң академиясының Р.Тугунбеков атындағы сыйлығының лауреаты. «Данқ» орденімен (2008, Қырғызстан) марапатталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  XII шақырылған Қазақстан заңгерлер Одағының  атынан (1990) және Қызылора облысы Шиелі сайлау округінің XIII шақырылған (1994) депутаттығына сайланды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан  Сұлтан Сартаевтың өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның ғылыми еңбектері және мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалары қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование