KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885591
2019 жылы:  19306
бүгiн:  1
қазiр:  105
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.10.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваның 60 жылдығына арналған «Ән - менің тағдырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Роза Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Жаңғызтөбе станциясына жүз елу шақырым қашықтықтағы «Тоғызыншы разъезд» деп аталатын кішкене ауылда дүниеге келді. Мектеп- интернатта білім алды. Әнші 1975 жылы Ұлы Отан соғысының 30 жылдығы қарсаңында өткен ән байқауында танылды. Сол байқауда белгілі дирижер, музыкант, «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері - Тасқын Оқапов байқап, әншіні «Гүлдер» ансамбліне шақырады. Р.Рымбаеваның шығармашылық жолы Қазақстанның «Гүлдер» Республикалық мемлекеттік эстрадалық жастар ансамблінен басталды. Осы жерде 1976-1979 жылға дейін жұмыс атқарады. 1977 ж.-Бүкілодақтық «С песней по жизни» байқауында  (Мәскеу, Ресей), 1977 ж. - «Алтын Орфей» халықаралық байқауында «Бас жүлде» (Болгария), 1977 ж. - «Сопот» халықаралық байқауында «Бас жүлде» (Польша) иеленді. Осылайша, небәрі 20 жасында, ол Алла Пугачева, София Ротару сияқты танымал жұлдыздардың қатарынан көрінді.
   1979 ж. «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан құрылған «Арай» ансамблінің әнші-солисі. 1979 ж.- Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. 1979-1984 жылдары Алматыдағы Қазақ театралды - көркемөнер институтының музыкалық-драмалық комедия факультетін бітірген.
Оның орындауындағы С. Бәйтерековтің «Әлия», Н.Тілендиевтің «Кәу бол», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» және т.б. әндері әншінің танымалдығын арттыра түсті.
   1981 ж. жоғары орындаушылық шеберлігі және кеңес әндерін белсенді насихаттағаны үшін Ленин комсомолы сыйлығының, 1983 ж. «Гала-83» халықаралық байқауында «Гран-при» (Куба), 1986 ж. «Алтын микрафон» халықаралық байқауында «Гран-при» (Түркия) иегері атанды.
   1986 ж. Қазақстанның халық әртісі атағы берілді. Қазақстан Республикасының көптеген наградалары: «Парасат» (2000), «Құрмет» (2004), «Тарлан» (2002), Мемлекеттік атағы берілді. 2008 жылы Қарағандыда әншінің есімді жұлдызы ашылды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап, күйтабақ, электронды диск және мерзімді басылымдар қорынан Роза Рымбаеваның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование