KZ     RU     ENG
Жексебі, 10 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909242
2019 жылы:  42957
бүгiн:  131
қазiр:  5
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.10.2017

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында белгілі парсы ақыны - Жалаладдин Румидың 810 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Жалаладдин Румидың (кейде оны, сондай-ақ Мавляна Джалал ад-Дин Мухаммад Балхи, өңірдің атымен Балха деп атаған) 1207 жылы 30 қыркүйекте Вахш (Хорезмшах мемлекетінде) қаласында, сарай маңындағы ғалым, діни заңгер  және уағыздаушы-софы Баха ад-Дин Валад отбасында дүниеге келген. Жалаладдин діни-заңгерлік қана емес, сонымен қатар нақты ғылым саласында да жақсы білім алды, араб және грек тілдерін, «Құранды» және тәпсірлерін өте жақсы меңгерген. Иранның ұлы ақынының әдеби бүркеншік аты - Руми. Оның бүркеншік атының шығуы Жалаладдин өмірінің көп бөлігі – Румда өткендіктен, осы жердің атауымен аталды.
   Румидің әдеби қызметі әр алуан емес, бірақ өте елеулі. Жалаладдин ең алдымен ақын болды. Оның лирикалық  «Диуани Кебир» (Ұлы Диван) ішіне  қиссалар, ғазалдар және төрт шумақты өлең рубайлары кірді. Ақын оларға адами құндылық ойлардың жер ұлылығынан да тәуелсіз екенін дәлелдеп, ол діни салт формализміне қарсы наразылық білдірді
   «Мәснауи» - мұсылман әлемінде ең аса қадірлі және көп оқылатын кітаптың бірі. Аудармасында «екі шумақты» білдіреді. Бұл бүтін шығарма емес, бар болғаны үлкен эпикалық-дидактикалық поэмалар,  бұл шамамен 50 000 өлеңдер болып саналады.
   Әлем әдебиетінде Жалаладдин ұлы ақын-пантеис болып аталады. Оның белгілі қолжазбасы «Фихи ма фихи» пантеистикалық трактаты проза саласында жазылған. Жалпы  алғанда бұл әңгімелер энциклопедиялық сопылық және кездейсоқ емес парсы тіліндегі Құран болып аталады. "Мәснауи-ий мәнауи" XIII ғасырда жазылған және осы күнге дейін күллі иран тілді аймақта кең танымал түрде пайдаланады. Руми Алла мен әлемді адам қарым-қатынастарымен терең байланыстыруға ұмтылды және мән берді. Бұл кітаптың барлық  беттерінен көз алдымызға Шығыстың ұлы абыз бейнесін көрсетеді, үлкен географиялық аймақ - Грециядан батысқа Иран мен Үндістанның шығысына дейін диалектикалық ойды құруды танытады. Жалаладдин Румидың атақты философиялық прозасы әлемнің рухани мұрасының қазынасына енгізілді.
   Бүгінде Жалаладдин Руми барлық уақыттың және халықтардың ең ұлы ақыны болып танылды. Оның философиялық көзқарасы мен ілімдерінің негіздері поэзияда айқын көрінді, ол оны өзінің тәңірге деген алғысы мен махаббатын таныту үшін ең үздік құрал ретінде қолданды. Руми философ, сопы, ақын, ғалым ретінде өз дәуірінің рухани өміріне зор ықпал етті және қазіргі рухани әлемнің қалыптасуында үлкен рөл атқарады.
   Ақын 1273 жылы 17 желтоқсанда 66 жасында Конья (Хорезмшах мемлекеті) қаласында қайтыс болды. Бүгін 810 жылдан кейін де Руми поэзиясы тірі және маңызды. Адамдар оның шығармаларынан мәңгілік сұрақтарына жауап табу үшін қайта-қайта қарайды. Оның құрметіне Түркияның Измир қаласында биіктігі 20 метрден асатын мүсін қойылды. Ұлы ақынның 800 жылдық құрметіне Қорган-Төбеде (Тәжікстан) ескерткіш орнатылды. 
   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Жалаладдин Румидың қазақ, парсы, түрік, орыс, ағылшын тілдеріндегі шығармалары ұсынылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование