KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058095
2019 жылы:  123630
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.10.2017

   2017 жылғы 19 қазанда Н.Дәулетова атындағы Залда Алматы қаласының кітапханалары Күніне арналған «Мамандығым – мақтанышым» атты Ашық есік күні өтті.

   Алматы қаласы кітапханаларының күні 1999 жылы Алматы қаласы Әкімінің шешімімен, жыл сайын 15 қазанда аталып өтіледі.
   Ашық есік күніне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қаскелең Мәдениет колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы факультетінің студенттері мен оқытушылары  қатысты.

   Іс-шара барысындағы дөңгелек үстелде еліміздің мәдениетін дамыту жолындағы кітапханашының рөлі туралы қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
   Арнайы ұйымдастырылған көрмеде кітапхана ісінен толық мағлұмат беретін – Қазақстан, ТМД және шетелдік әдістемелік оқу құралдары ұсынылды.
   Сондай-ақ, іс-шараға қатысушыларға Ұлттық кітапхана бөлімдеріне таныстыру экскурсиясы  жүргізіліп, мәдени бағдарлама ұсынылды. Студенттердің біліктілін арттыру үшін сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген студенттерге кітап сыйға тартылды.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова ашты.
   Модератор: журналист-жүргізуші Нұрсұлтан Есжан.
   Сөз сөйлегендер: ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің  ұстазы Г.И.Нұржанова және т.б.

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование