KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058210
2019 жылы:  123745
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.10.2017

   2017 жылғы 21-25 қазан аралығында Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы ынтымақтастық қатынастардың құрылуының 25 жылдығы аясында, ҚР Ұлттық кітапханасының делегациясы Түркия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Мәдениет және кино күндеріне қатысады.

   Анкара қаласындағы Юнус Эмре атындағы Мәдениет Конгресс-орталығында ҚР Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған, Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен өнеріне арналған, 480 басылымнан тұратын кітап көрмесі қойылады.
   Сонымен қатар, «FriendShip» атты Гүлмарал Тәтібаева мен Наталия Баженованың жеке көрмесі және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» көрмесі ұсынылып, Қазақ Ұлттық өнер университетінің фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі және солисттер – А.Сұлтанбеков, С.Жұмабай, Ж.Қабатаева, А.Уварова, К.Алтыбаева, Н.Сегізбай өз өнерлерін көрсетеді.
   Түркиядағы ҚР Мәдениет және кино күндері аясында режиссер Ермек Тұрсыновтың фильмдерінің «Келін»(2008), «Шал» (2012), «Кемпір» (2014), «Жат» (2015), «Кенже» (2015) көрсетілімі өтеді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование