KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885500
2019 жылы:  19215
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.10.2017

   2017  жылғы 19 қазанда Е.Тұрсынов атындағы кинозалда «Жігер» Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы» Қоғамдық Қауымдастығы өзінің 10 жылдық мерей тойына арнайы «10 жыл бойы мүмкүндігі шектеулі жастарға көрсетілген көмек» атты мерекелік концерт өткізді.

   Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс жасайтын өкіметтік емес ұйымдардың іс-қимылын кеңінен таныту, жоғарыда айтылған азаматтардың құқығын қорғау, қоршаған ортаға толықтай қосу жолында түрлі жүмыстар атқару (адаптация, реабилитация және интеграция).
   Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар осы күнге дейін өз денсаулығына байланысты түрлі қиындықтармен арпалысып келеді: көлік және коммуникация, толық қанды қолжетімді және сапалы ем қабылдау, білім алуға қол жеткізу және жұмысқа орналасу сияқты қарапайым бірақ өте қажетті мәселелер.
   «Жігер» ұйымының президенті Юсупджанов Пархаттың айтуы бойынша: «Ұйым 10 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі жастарды түрлі қоғамдық салаларға енгізу жұмыстарын атқарып келеді. Көлік және әлеуметтік саласында толықтай қолжетімділікке жеткен соң, бәріне бірдей жағдай жасай отыра, интеграция туралы ой тастауға болады, себебі жұмыc мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыс істеу тек қана табыс көзі емес, қоршаған ортаға қосылу, зымырандай зымыраған заманда өз орынын тауып, ел қатарлы еліне, жеріне қолынан келгенше үлесін қосу деп білу керек».
   Еш қиындыққа қарамастан 10 жыл бойы «Жігер» ұйымының аяғына тұру жолында өкіметтік және халықаралық ұйымдар талай көмек көрсетті, олардың қатарында:  «БОТА» ұйымы, СОРОС-Қазақстан, БҰҰ, «Абилис», Алғашқы Президент – Ұлт көшбасшысы қоры, Алматы қ. ішкі саясат басқармасы,  Алматы қ. Ішкі саясат  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қ. жастар саясаты басқармасы, және т.б.
   Сөз сөйлегендер: Мүгедектік мәселелері бойынша Алматы қаласы Әкімінің кеңесшісі В.Ю.Алаев, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты және "Шырақ" Мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының президенті Л.М.Қалтаева, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А.М.Ахметова, «КОС» Қазақ зағип жандар ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалының төрағасы Қ.С.Қоңырбаева және т.б.

  

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование