KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885619
2019 жылы:  19334
бүгiн:  1
қазiр:  102
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.10.2017

   2017 жылғы 26 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық кітапханасы және Алматы студенттер Альянсының ұйымдастыруымен Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай «Алаш қозғалысы және Барлыбек Сырттанұлының қоғамдық – саяси қызметі» атты дөнгелек үстелі өтті.

   Алашордалықтардың ойлары мен іс-әрекеті бүгінде тәуелсіз Қазақстанның мүддесіне қызмет етуде. Олардың рухани-адамгершілік болмысы, туған жері мен халқына деген сүйіспеншілігі мемлекетіміздің территориялық тұтастығын, мәдениеті мен тілін сақтап,  демократиялық сайлаудың, әділ соттың негізін қалады. «Алаш» қозғалысының көсемі және «Алаш Орда» Үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан соңынан ерген мыңдаған шәкірттерін тәрбиеледі.
   Дөңгелек үстелге қатысушылар Алаш қозғалысының көсемдері мен қайраткерлері - Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Барлыбек Сырттанұлы, Әлімхан Ермеков, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Ғаббасов, Отыншы Әлжанов, Мұхамедхан Сейтқұлов және т.б. ұлтына қызмет ету үлгісін негізге ала отырып, бүгінгі қоғамның рухани жаңғыру мәселесін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Барлыбек Сырттанұлының Алаш қозғалысына сіңірген еңбегі, жүріп өткен сара жолындағы қоғамдық саяси қызметі жайлы кеңінен талқыланды.
   Барлыбек Сырттанұлы Жетісу ауданы Қапал уезді Арасан кеңістігінің Қарашоқы ауылында туылып, Верный қаласындағы элиталық ерлер гимназиясын бітірген. Содан кейін Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетіне оқуға түсіп, үздік бітірді. Барлыбек Сырттанұлы «Қазақ халқының жарғысы» атты алғашқы қазақ Конституциясын жазған.
   Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты көркемделген көрмемен студенттерді Ұлттық кітапхананың Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Ж.А.Әбдікерімова таныстырды.
   Қатысушылар: ғалымдар, тарихшылар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен жоғары оқу орындарының студенттері.
   Сөз сөйлегендер: ҚазҰУ студенті, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Таймұратова Әсем; ҚазҰУ студенті, АҚ «Сұңқар» студенттердің кәсіби одағының мүшесі Мәлік Зарина және т.б.

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование