KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885611
2019 жылы:  19326
бүгiн:  1
қазiр:  110
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.10.2017

   2017 жылғы 27 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда Ермек Тұрсыновтың әлеуметтік-гуманитарлық қорымен жарыққа шыққан әйгілі қазақстандық жазушы Герольд Бельгердің «Плетение чепухи» атты төрт томдық кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Кітапқа қазақстандық прозашы, эссеші, публицист және аудармашы Герольд Бельгердің  өмір бойы жазып келе жатқан күнделіктік жазулары кірді. Жазушы өзінің күнделігін «Еркін жолдар» деп атауды жақсы көрген.
   Герольд Бельгер Президенттік бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты (1992), Парасат орденінің бірінші иегері (1994) болған, сонымен қатар, «Германия Федеративтік Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденімен (2010),  қоғамда өзара келісімнің сақталуына, бейбітшілікті нығайтуға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа лайықты еңбек етудің жемісті жұмысы үшін Достық 2-ші дәрежелі орденімен марапатталған.
Естеріңізге салсақ, 2016 жылғы 28 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында «Плетение чепухи» кітабының бірінші бөлімінің тұсаукесер рәсімі өтті.
   Модератор: «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан.
   Сөз сөйлегендер: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов, режиссер Е.Тұрсынов, Қазақстан Жаузшылар одағының мүшелері – жазушы А.Ашири, ақын Б.Қанапьянов, ақын Н.Алпамысқызы, ақын Надежда Чернова және т.б.
   Герольд Белгердің жұбайы Раиса Закировна Хисматуллина қатысушыларға өз алғысын білдірді.
   Қатысушылар: Алматы қ. зиялы қауымы, жазушының достары мен қызметтестері және туған-туысқандары шақырылды.

        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование