KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885657
2019 жылы:  19372
бүгiн:  1
қазiр:  94
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.10.2017

   2017 жылғы 28 қазанда Е.Тұрсынов атындағы кинозалда Book Concert және корей суретшісі Чон Хёнчжинның көркемдеуімен, қазақ жазушысы Дүйсен Кеңес Оразбекұлының «Жыл басы қалай анықталады?» атты көркемделген балалар кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың қазақ және корей тіліндерінде басылымға шығуы Қазақстан Республикасы мен Корей Реуспубликасының арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 25 жылдығына  орай ұйымдастырылып, «Сказительское искусство» Азиялық Комитет бағдарламасының өткізілу аясында өтті.
   Бұл жоба «Орталық Азия – Корей Республикасы» Ынтымақтастық Форум Хатшылығының алғашқы баспа жобасы болып табылады.
   «Жыл басы қалай анықталады?»  - бұл үлкен жаңа жылдық мереке «Наурыз»  туралы әңгіме. Кітапта жылдың 12 айын бейнелейтін он екі жануар мен Жаңа жылды қай уақытта  тойлау керегі туралы дауы жайында айтылады. Кітап сөзбе-сөз аударымымен қазақ және корей тілдерінде шығарылды.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова ашты.
   Іс-шарада «Көкіл» мектеп-колледж оқушылары өз өнерлерін көрсетіп,  Ушинский атындағы мектептің 2 сынып оқушылары «Жыл басы қалай анықталады?» әңгімесі бойынша қойылым өткізді. Кітап авторы Дүйсен Кеңес Оразбекұлы өзінің шығармашылығы туралы айтып, афтографы қойылған кітаптар таратты!
   Қатысушылар: Азиялық мәдениет орталығы өкілдері және Алматы қ. оқушылары.

                

                                         
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование