KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885688
2019 жылы:  19403
бүгiн:  1
қазiр:  85
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.10.2017

   2017 жылғы 26 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІ» кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.

   «Дін мен дәстүр» кітабы қазақ халқының имани дәстүрлерін, дәстүрлік мазхаб және мұсылмандық салт-дәстүрлерді жандандыру мақсатында жазылған. Еңбекте тағдырға сену, ұстазғтағдырға сену, ұстаз бен дін қызметкерлерін құрметтеу,  дінге қатысты салттар жайлы жан-жақты мағлұматтар берілген.  Отан, ар-ұят, ата-ананы құрметтеу, бірлік пен келісім, бауырластық, достық, туысқандық, үлкендерді құрметтеу, кішіпейілдік, тәлім-тәрбие, батылдық, қарапайымдылық, жақсы істерге деген ұмтылыс сияқты құндылықтарды қарастырылған. Туған-туыс, дос-жаран және көрші-қоландармен жақсы қарым-қатынаста болуға ерекше зейін салынған.
   Кітапта шариаттық мазхаб қазақтардың ұлттық болмысымен үйлесетіні, және де діни дәстүрлердің көп ғасырлық тарихының болуы көрсетілген.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов ашты.
   Модератор: ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің хатшысы Е.А.Оңғаров.
   Қатысушылар: Алматы қ. зиялы қауым өкілдері мен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Қазақстан Республикасының имамдардың  біліктілігін арттыру Ислам институты» студенттері.
   Сөз сөйлегендер: Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, республикалық «Балдырған» журналының бөлім редакторы Құл-Керім Елемес, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Нұрдәулет Ақыш, «Ақиқат» журналының Бас редакторы Әлім Аманхан, «Қазақстан» радиосының Алматыдағы басшысы Бақыт Жағыпар, «Алматы Ақшамы» газетінің директоры Қали Сәрсенбай, «Нұр-Мүбәрәк» Мысыр университетінің проректоры Шәмшәддин Тұрсынұлы және т.б.
   Кеш соңы «Халық мұрасы» атты ән, күй, жыр кешіне ұласты.

           

                                

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование