KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885472
2019 жылы:  19187
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.11.2017

   2017 жылы 8 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстан жазушылар Одағымен, «Олжас кітапханасы» баспа үйімен, Қазақстан Республикасындағы Иран  Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени өкілдігімен және Тәжік мәдени орталығымен бірлесіп, көрнекті парсы-тәжік ақыны Мавлана Жалаладдин Балхи Румидің 810 жылдығына арналған «Поэзия кеші» өтті.

   Көрнекті парсы-тәжік ақыны Жалаладдин Балхи Руми солтүстік Балх аймағындағы Вахш қаласында (қазіргі Тәжікстан) сол уақыттағы ірі Хорасан шалғай аймағында,  сарай маңындағы отбасында және уағыздаушы-сопы Мұхаммад бен Хусейн әль-Хатиби әль-Балхи, танымал Баха ад-дин Валад (1148-1231) сияқты монғолдың шапқыншылығынан қауіп төнген соң, қашуға тәуелді болған  және ұзақ тентіреуден соң, Кіші Азияда (Рум) сарайы маңындағы Сельджуктардың Конья қаласында дүниеге келген. Жалал ад-Дин жақсы білім алды, діни-заңгер ғана емес, сонымен қатар нақты білім саласында, араб және грек тілдерін тамаша білді, «Құранды» түсіндірді. Жалаладин Балхи Руми белгілі ақын ғана емес, ол сопылық Мавлави орденінің негізін қалаушы. Мавлана Жалалдин Румидің әдеби мұрасы тек мұсылман әлемінде ғана үлкен маңызға ие емес, сондай-ақ жалпы адамзаттың құндылығын күллі  адамзаттарға таныстырды. Оның «Дивани» (жинақ) лирикалық өлеңдері, «Мәснәви» атты ерекше атақты шығармасы эпикалық поэма түріндегі өнегелік әңгімелерін таныстырады. Ол әлемнің көптеген тілдеріне аударылды және әлемде өте көп оқылатын кітаптардың қатарына жатады. 
   Кешті  ҚР Ұлттық кітапхана директорының орынбасары Б.К.Оспанова құттықтау сөзімен ашты. Кештің модераторлары : шығыстанушы-ғалым, Абылай хан атындағы Қазақ  халықаралық  қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, Иранның парсы тілі және әдебиеті академияның мүшесі - Сафар Абдулло және белгілі ақын, журналист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет.
   Кеште Қазақстан мен Иранның көрнекті шығыстанушы ғалымдары мен әдебиетінің қайраткерлері: Қазақстандағы  Иран Бас консулының өкілі және  Қазақстандағы директоры Сейед Жават Жалали Қиясари, Иран университетінің профессоры Шахид Бехешти Амир Чинари, ҚР Жазушылар одағы  төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, ақын Бақытжан Қанапиянов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шығыстану факультетінің деканы Ыхтияр Палтөре, жас ақын Мұратхан Шоқан, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.В. Ананьева, қоғам қайраткері С.К. Раева сөз сөйледі. Поэзия кешінде Жалаладдин Румидың ұлттық әдебиет шеңберінен анағұрлым жоғарғы деңгейдегі және жалпы әлемдік мәдениет пен өркениетке тиесілі шығармашылығы туралы әңгіме болды.
   Кеште Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы  мәдени орталығының өкілдері мен Алматы қаласының кітапханашылары қатысты. Ақын Мұратхан Шоқан өзінің шәкірттерімен өз өлеңдерін және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері Ж.Румидің лирикалық өлеңдерін оқыды.
   Іс-шара Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының  афган және тәжік мәдени орталықтары өкілдерінің  музыкалық қойылымдарымен жалғасты.

      

   

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование