KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885529
2019 жылы:  19244
бүгiн:  1
қазiр:  62
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.11.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі қазақ жазушысы, филология ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 102 жылдығына арналған «Парасатты тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада Көкшетау облысының Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы Абай атындағы Қазақ   педагогикалық институтын бітірді. 1935-1937 жылдары әскер қатарына шақырылды.
М.Ғабдуллин өзінің шығармашылық жолын 1932-1937 жылдары «Социалды Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер болып бастады, «Қазақстан пионері» журналында бас редактордың орынбасары, 1938 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалында ғылыми қызметкері, 1938-1946 жылдары Қазақ педагогикалық институтының аспиранты.
   М.Ғабдуллин 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, генерал-майор И.В.Панфиловтың 8-ші Гвардиялық дивизиясының қатарында жаумен айқасты. 1943 жылы 30 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен шайқаста әскери тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны және ерлік пен батылдық танытқаны үшін аға саяси жетекші Мәлік Ғабдуллинге Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі табыстала отырып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
   Соғыс аяқталғаннан кейін М.Ғабдуллин ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысты. 1946-1951 жылдары – ҚазКСР Ғылым Академиясының Әдебиет және тіл білімдері институтының директоры, 1951-1963 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, 1963-1973 жылдары – Қаз КСР Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
   М.Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым» (1974), «Алтын жұлдыз» (1948), «Майдан очерктері» (1949), «Майдандағы өмір» (1968), «Менің майдандас достарым» (1969) және т.б. шығармалары Кеңес әскерінің майдандағы өміріне, жауынгерлік айбыны мен ерліктеріне, айлалары мен тапқырлықтарына, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен жауға деген өшпенділігіне арналған. Оның шығармаларының бір бөлігі И.П.Щеголихиннің аударуымен орыс тілінде жарық көрген.
   М.Ғабдуллин ғылыми зерттеу саласында да көптеген жұмыстар атқарды, қазақ әдебиеті тарихының көптомдық басылымын дайындауға қатысты: қазақ халқының батырлық эпосы, халық әндері, айтыстар, ертегілер, мақал-мәтелдер.
   Жауынгерлік ерліктері үшін М.Ғабдуллин Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді (1943), Ленин орденімен, Ұлы Отан Соғысының 1-дәрежелі, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызық Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ҚазССР-нің ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1961). Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (1972). КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2 және 4-шақырылымының депутаты. Қазақстанда мектептерге, көшелерге оның есімі берілген. Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атында мұражай ашылған.
М.Ғабдуллин 1973 жылы 2 қаңтарда қайтыс болды.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен қызметі жайлы материалдар, оның мерзімді басылым беттеріндегі шығармалары мен мақалалары, туыстары мен достарының естеліктері ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование