2017 жылғы 16 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында ҚР халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тағайындау үшін студент жастар мен жоғарғы сынып оқушылары арасында жыл сайын өтетін «Адам және әлем» әдеби шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқауға прозалық көркем шығармалар (әңгімелер), өлеңдер, публицистикалық-көркем шығармалар (очерктер мен эсселер) еркін тақырыпта қазақ және орыс тілдерінде қабылданды. Байқаудың қорытындысы бойынша қазақ тілінде: «Шие» әңгімесі үшін Кенжеқожаева Ақбота бірінші орын иеленіп, Дипломмен және 50 000 тг. ақшалай сыйлықпен марапатталды. «Ескі асхана» әңгімесі үшін Әлхан Света Дипломмен және 40 000 тг. ақшалай сыйлықпен марапатталды. «Серт» әңгімесімен Елдос Тоқтарбай, Диплом және 30 000 тг. ақшалай сыйлықпен марапатталды. Орыс тілінде жазған «Пока живой» шығарма-эссе үшін Ш. Уәлиханов атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушысы Темірсейіт Әмір Дипломмен және 30 000 тг. ақшалай сыйлықпен марапатталды. Іс-шара аясында қатысушыларға Әзілхан Нұршайықовтың Мемориалдық кабинетінде әдеби оқулар мен экскурсия өткізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Әйгілі Әз-аға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Баян Өтебаева көрмеге шолу жасады.
|