KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058225
2019 жылы:  123760
бүгiн:  1
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.11.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Кенжебек Күмісбековтің (1927-1997) 90 жылдығына арналған «Қазақ музыкасының тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   К. Күмісбеков 1927 жылы 23 қарашада Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Құмкөл ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваториясы) халық аспаптар факультетін (Қ.Д. Мұхитовтың сыныбы бойынша) бітірді, 1965 жылы профессор Е.Г. Брусиловскийдің композиция сыныбы бойынша консерваторияны екінші рет бітірді. Халық музыкасының үлгілерін жете меңгеріп, кәсіби композиторлық техниканы игеруі Күмісбеков шығармашылығының негізгі бағыттарын анықтады. «Ықылас туралы поэма», «Қорқыт туралы аңыз», «Ой толқыны», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Шалқыма» сияқты оркестрлік поэмалары композитордың халықтық-эпикалық бағыттағы әуен ерекшелігін көрсетеді.
   1971 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында педагогтық қызметпен шұғылданды.
   Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (1988). 
   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхананың күйтабақтар, кітаптар, ноталар және мерзімдік басылымдар қорынан Кенжебек Күмісбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование