KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885708
2019 жылы:  19423
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.11.2017

   2017 жылғы 17 қарашада  Н.Дәулетова атындағы залда мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір Төреқұловтың 125 жыл толуына  арналған еске алу кеші өтті.

   Ұйымдастырушлыар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, «Нәзір Tөреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қоры, Халықаралық адам институты.
   Кешті алаштанушы, қоғам қайраткері, Ғ.Мүсірепов атындағы қордың төрағасы Ғабиден Жәкей жүргізді.
   Еске алу кешінде  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен Нәзір Төреқұловтың өмірі мен еңбегіне арналған деректі фильмнің тұсаукесер көрсетілімі өтті. Сонымен қатар, «Нәзір Tөреқұлов» Халықаралық қайырымдылық қорының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР  ҰҒА-ның  құрметті академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Әбдіжапар Сапарбаев арнайы баяндама жасады.
   Сөз сөйлегендер: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов, сыншы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақ, алаштанушы, тарих ғылымдарының докторы Хазретәлі Тұрсұн, жазушы, публицист, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаев, тарих ғылымдарының доктыры, доцент  Айткүл Махаева, филология ғылымдарының кандидаты, доценті, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбет, 2 курс магистранты Мақсат Жакауов.
   Мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір Төреқұловтың 125 жыл толуына  орай еске алу кеші жүргізушінің қортынды сөзімен аяқталды.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование