KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885678
2019 жылы:  19393
бүгiн:  1
қазiр:  97
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.11.2017
   2017 жылғы 17 қарашада Е.Тұрсыновтың киноклубында Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 80 жасқа толуына арналған кездесу кеші және «Асанәлі Әшімұлы» екі томдық кітабының тұсаукесері өтті.
 
   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.
   Асанәлі Әшімов, кино өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығымен (2000), «Отан» (2001), «Құрмет» (2007), «Парасат» (2007), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет үздігі» төсбелгісімен (2012), «Достық» орденімен (2014), «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен (2017) марапатталған.
   Кеш барысында Алматы қаласы Әкімдігі қолдауымен жарық көрген екі томдық «Асанәлі Әшімұлы» кітабының тұсаукесері өтті. 
  Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Асанәлі Әшімовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сахна өнерінің саңлағы» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Кешті жазушы, журналист, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай жүргізді.
   Кешке Қазақстанның белгілі әртістері, қоғам және өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, әншілер, достары, БАҚ өкілдері және оқырмандар мен Асанәлі Әшімовтың шәкірттері қатысты. 
    Сөз сөйлегендер: Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ахетов Мамай Қаниұлы, Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев, Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев, Қазақстанның халық әртісі Нүкетай Мышбаева, Қазақ КСР халық әртісі Торғын Тасыбекова, ақын Шөмішбай Сариев, Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Маралтай Райымбек, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл және т.б. 
  Іс-шара аясында сахна өнерінің саңлақтары, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетова, «Гүлдер» ансамблінің әншісі Сағат Әлдекенов, әнші, халықаралық конкурстардың лауреаты Айбек Мұхаметалиев, Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайыржан Бердібай және т.б. әннен шашу шашты.

 
     
     
     
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование