2017 жылғы 20 қарашада Ермек Тұрсынов киноклубының, «ARTAREA» мәдени бастамалар қорының және Қазақстан-Жапон достастығы қоғамының ұйымдастыруымен, Е.Тұрсынов киноклубында Акира Куросаваның «Семь самураев» фильмінің көрсетілімі мен талқылауы өтті. Кештің арнайы қонағы – Қазақстан Республикасындағы Жапон елінің Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата.
Акира Куросава – жапондық ғана емес, әлемдік киноматографияға енген тұлға. «Семь самураев» - бүкіл кино саласына іргелі әсер еткен режиссердың ең белгілі жұмыстарының бірі. Осы таспаның үлгісі бойынша бүгінгі күнге дейін көптеген фильмдер түсіруліде. Фильм Акира Куросава Жапон елінде танымал жанр «дзидайгэки»-де (самурайлардың соғыс оқиғалары туралы тарихи фильм) өзін сынап көргісі және таспаны бірден терең ойлы әрі қызықты еткісі келгендіктен пайда болған. Бұл кинода Куросаваның шығармашылығында алғашқы рет ұлттық самурайлық суық қаруы мен әскери құрметпен сыйыспайтын атыс қаруы қарама-қарсы қойылып салыстырылған. Фильм 2010 жылы құрастырылған «Empire» журналының «Әлем кинематографиясындағы үздік 100 фильмдері» тізімінің бірінші орнын иемденген. Сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасындағы Жапон елінің Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата; режиссер және жазушы Ермек Тұрсынов; белгілі саясаттанушы Досым Сатпаев.
|