KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058262
2019 жылы:  123797
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.11.2017

   2017 жылғы 21 қарашада Н.Дәулетова залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында белгілі қазақ ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың 85 жылдық  мерейтойына, оның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың жезқанатты жезкиігі - Вселенная судьбы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория мен К.Салықов атындағы «Жезкиік» қоры ұйымдастырды.

   Кәкімбек Салықов – белгілі қазақ ақыны. Ақынның қырықтан астам өлең жинақтары баслымға шыққан және 600-ден аса өлеңдерін жазуда елуге жуық композиторлармен бірлесіп жазған.
   Дөңгелек үстел қатысушыларға мынадай мәселелерді талқылауға ұсынады:
● Кәкімбек Салықовтың тағдыр әлемі
● Кәкімбек Салықовтың өлеңдер қазынасы
● Кәкімбек Салықов және рухани жаңғыру идеясының құндылықтары
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов ашты. Алғысөзімен Кәкімбек Салықовтың қызы – Майра Салықова шықты.
   Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылар: ақын Софы Сматаев, ақын Ұлықбек Есдәулет, академик Аманжол Қошанов, «Жезкиік» өлеңін орындаушы Ғалым Мұхамедин, ақын Марфұға Айтқожина, ақын Бахытжан Қанапьянов, халық әнші Шамиль Әбілтай және т.б.
   Сонымен қатар, Кәкімбек Салықовтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылып, қатысушыларға архивтік сюжет – Кәкімбек Салықовтың сұхбаты көрсетілді.

     

     

     

     
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование