KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885571
2019 жылы:  19286
бүгiн:  1
қазiр:  92
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.11.2017

   2017 жылғы 22 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында, "Алаш Орда" үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай "Алаш Орда: ұлттық идея және дін мәселелері" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

   Конференцияның мақсаты - Ш.Уəлиханов, Абай, Шəкəрім, Мəшһүр-Жүсіп Көпеев жəне Əлихан, Ахмет, Міржақып жəне  т.б. Алаш қайраткерлерінің ұлттық идея жəне дін мəселелері жайындағы ой-толғамдарын ортаға салып, ғалымдардың қатысуымен талқылау. Алаштықтар ұлттық идея, ұлттық құндылықтар арқылы қазақты оятып, ұлттық мемлекет құру мəселесін қойды, əлемдік өркениетке кірігудің жолдары мен шарттарын қарастыру.
   КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ:
- Алаш идеясының мәні және қалыптасу кезеңі;
- Алашордалықтардың ұлттық идея және дін мәселесіндегі ұстанымдары;
- Алаш идеяларының бүгінгі күнмен тарихи сабақтастығы.
   Конференция модераторы: ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Хангелді Əбжанов.
   Іс-шара барысында "Алаш арыстары: ұлттық дəстүр жəне дін" атты деректі фильмі көрсетілді және Алаш Орда 100 жыл көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Кірсіпе сөзді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов бастады.
ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, т.ғ.д., профессор, шығыстанушы Меруерт Əбусейітова; т.ғ.д., профессор, этнограф Шайзада Тоқтабаева; ф.ғ.к., əдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабай; Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының тарих жəне археология бөлімінің басшысы Қабдол Əуезов; тарихшы, өнертанушы Ерлан Төлеутай; алаштанушы Бауыржан Берікұлы; алаштанушы, п.ғ.м. Заңғар Кəрімхан жəне  т.б. баяндама жасады.

     

     


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование