KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058119
2019 жылы:  123654
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.11.2017

   Әлем әдебиеті залында ағылшын жазушысы Джонатан Свифтің 350 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Джонатан Свифт (1667-1745) – танымал ағылшын және ирланд жазушысы, философ, публицист, қоғам қайраткері. Өзінің замандастарына автор қоғамның кемістігін  өткір сөздермен әшкерелеумен, халықтың мүддесін  қорғауымен есте қалды.  Д. Свифті қашанда тура терең мысқыл, салыстырылған сөздер мен өткір сықақ ерекшелендіреді.
   Ол  орта шаруа отбасында дүниеге келген. Дублинский  университетін бітіріп, ол өзінің әйгілі туысқаны Темпелдің  жеке хатшысы болды. Темпелдің шаруашылығында тағдыр оны атақты әдебиетшілермен табыстырды,  содан ол  әдебиет пен саясатқа араласты. Дәл осы жерде, оның сықақ түрінде қоғамның кемістігін әшкерелеген,  «Ода Вильяму Сэнкрофту» және «Ода Конгриву» атты алғашқы шығармалары жазылды.
   1701 жылы ол Дублин шіркеуінде дін қызметшісінің орнын басты. Англия мен Ирландия қоғамдық-саяси өмірінде белсенді қызмет атқарды.  «Битва книг», 1697; «Письма суконщика», 1724; «Скромное предложение о детях ирландских бедняков», 1729; «Сказка бочки»,1704;  «Дневник для Стеллы», 1710 - 1714 өткір сөзді шығармаларының авторы, беделді публицист болды. Авторға сайқымазақ  шығарма түрлері тән. Ол өзінің көптеген шығармаларын лақап атпен жариялағанына қарамастан, оның жазу үлгісі әрқашанда танымал.
   Оның атақты шығармасы -  «Гулливердің саяхаты» (1726). Бұл шығарманы бірден бірнеше жанрға жатқызуға болады: хикаялық романға, саяхатшы романына, мысқылға, бір мезгілде қиялға қарсы белгілері де бар және де қиял-ғажайып түріне де. Бірақ, ең бастысы, бұл романды  негізінен пайғамбарлық  деп санауға болады, өйткені онда свифтік мысқылмен өте жаман, аяусыз жазылған барлық адами оғаш көзқарастар, Свифт сынағандармен тек қана кетіп қалған жоқ,  бұл өкінішке орай қазіргі біздің өмірімізде де өте өзекті болып отыр.
   1742 жылы ол инсульт алғаннан кейін сөйлеу қабілетін жоғалтты. 1745 жылдың 19 қазанында жазушы қайтыс болды. Дублиндегі Қасиетті Патрик шіркеуінің орталық нефесінде жерленді. Оның құрметіне Ай бетіндегі бедерге, Марс серігінде табылған  бір бедерге, Дублиндегі алаң мен көшеге есімі берілді.    
   Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  қорынан  қазақ, орыс, ағылшын қырғыз және басқа  да әлем тілдеріндегі  әр жылдары басылып шыққан әдебиеттер  қойылды.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование