KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885557
2019 жылы:  19272
бүгiн:  1
қазiр:  82
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.11.2017

2017 жылғы 24 қарашада Н.Дәулетова залында ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Жанұзақ Телғожаның 90 жылдық және ғылыми-ұстаздық қызметінің 65 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тілінің лексикология, лексикография, терминология, фольклортану мен көркем аударма мәселелері, қалыптасуы, дамуы мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

   Тіл маманы ретінде Жанұзақовтың есімі біздің елде ғана емес, түркі тілді елдерде де танымал. Оның қалам астынан 475-тен астам жұмыстар шықты. 20-ға жуық жұмыстары алыс және жақын шетел баспаларының беттерінде жарыққа шыққан. Ғалым ретінде Жанұзақов біздің республикамыздың тарихи және географиялық атауларын қалпына келтіруіне және де елдің тарихи қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес географиялық атаулар, тектер, ата тектер және есімдердің жазылуы мен транскрипцияларын реттеуге үлкен үлес қосқан. Ол өкіметке қарасты мемлекеттік ономастикалық комиссияның негізін салуына және жұмыс барысына қатысты – Мемлекеттік ономастикалық комиссиясының ережелерін әзірлеп, кейін академик А.Т.Қайдаровпен бірге «Қазақ КСР-нің тарихи-географиялық атауларын қалпына келтіру және мемлекеттік әкімшілік-аумақтық бөліністердің атауын белгілеу» тұжырымдамасын жасады.
   Профессор Жанұзақов қазақ тіл білімін іргелі жұмыстарымен байытты. Оны жаңа бағыт – қазақ ономастикасы және республикадағы ономастикалық мектептің негізін салушылардың бірі деп есептейді. Ғалым "Собственные имена в казахском языке" (1965), "Казахская антропонимия" (1971), "Основные проблемы ономастики казахского языка" (1976), "Очерк казахской ономастики" (1982), "Казахские имена" (1988), "Ваше имя" (1989) және басқа да монографиялардың авторы болып табылады.
   Кеш модераторы: А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Рысберген Қыздархан; Абай атындағы ҚазҰПУ ұстаздары Жанат Тұрарбекқызы және Балтабай Әбдіғазыұлы; профессор, ғылым докторы Баянкүл Қали; қоғам қайраткері, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы, Сенат депутаты, ақын Нұрлан Оразалин; Алматы қ. Әкімдігі басқармасының басшысы Мамай Ахметов өз баяндамаларын оқыды.
   Ғылыми конференцияның аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Жанұзақ Телғожаның кітаптары мен жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

     

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование