KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885471
2019 жылы:  19186
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.11.2017

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 3-қабатында 2017 жылғы  22 қараша - 15 желтоқсан аралығында мәдениет, білім, ақпарат салаларындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған  «Жібек Жолының жаңа келбеті және қытай-қазақ ынтымақтастығының жетістіктері» атты фотосурет көрмесі өтеді.

   Фотосурет көрмесі 3 бөлімнен тұрады:

   1-бөлім: Ұлы Жібек Жолының тарихын, оның әлемдік мәдениеттің дамуына ықпалын қамтиды. Қазақ даласы сауда жолдары өтетін аумақ болған. Жібек Жолында көшпелі және отырықшы елдердің өзара мәдени қарым-қатынастары, рухани мәдениеттің бірігуі пайда болған. Бұл байланыстар елдер арасындағы бейбіт, тату қарым-қатынастарға ықпалын тигізді және халықаралық жобалардың дамуына серпін берді.
   2-бөлім: энергетика, көлік, логистика, телекоммуникация, авиация, инфрақұрылым, туризм, мұнай салаларындағы  бірлескен экономикалық жобаларды,  «Западная Европа –Западный Китай»,  «Мойнакская ГЭС», ірі қытайлық «Sinopec» мұнай және химиялық корпорациясының  және т.б. жобаларды қамтиды.
   3-бөлім: ғылым, білім, мәдениет, ақпарат салаларындағы халықаралық байланыстарды қамтитын Алматы қаласында өткен іс-шаралардың суреттері қойылған. Атап айтқанда: ҚР Ұлттық кітапханасында Қытай мәдениеті мен әдебиеті орталығының ашылуы,  «КИМЭП» университетіндегі Қытай мәдениетінің күндері, ҚазМемҚПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қытай асханасының мейрамы,  Алматы қаласында өткен  Қыстық Универсиада - 2017 кезіндегі Қытай жаңа жылын қарсы алу, Алматының қала күнінде мәдениет және демалыс саябағына  «100 верблюдов по новому Шелковому пути» керуенінің келуі.
  

   Фотокөрмеге шақырамыз!

                                                       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование