KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885697
2019 жылы:  19412
бүгiн:  1
қазiр:  4
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.11.2017

   2017 жылғы 29 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, зерттеуші, «Дәстүр» журналының бас редакторы, ақын  Қасымхан Бегмановтың «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты этнографиялық төрт томдықтың тұсаукесері өтті. Кітап белгілі ғалым-этнограф Жағда Бабалықұлының туғанына 100 жыл толуына арналған.

   Жаһандану дендеген қазіргі таңда ұлттық құндылықтарға айырықша басымдықтар берілуде. Ұлттың ұлт болып сақталуы да ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің қаншалықты  сақталуына байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық еңбегінде: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», – деуі де сондықтан.
   Қасымхан Бегмановтың төрт томдығы жеті жыл бұрын жарық көрген «Этнографпен әңгіме» атты кітаптың жалғасы болып табылады. Кітап ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері туралы ҚР белгілі тұлғаларымен этнографиялық әңгіме-сұхбатарына негізделген.
   Кеш модераторы: «Президент и Народ» газетінің бас редакторы, жазушы-журналист, «Традиции и обычаи» Академиясының президенті Марат Тоқашбаев.
   Төрт томдықтың тұсаукесері рәсіміне белгілі тарихшылар және әдебиеттанушылар, өнер, дін, мәдениет қайраткерлері, ғалым-этнографтар, ақындар, жазушылар, тілшілер қатысты.

     

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование