KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885533
2019 жылы:  19248
бүгiн:  1
қазiр:  65
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.11.2017

   Бүгін, 2017 ж. 27 қарашада қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұзафар Әлімбаев 95 жасқа қараған шағында өмірден озды.

   Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ді тәмамдаған. «Тырнақалды» өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.
   Шығармалары 20 тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түрікмен тілінде «Мен - түрік мейманы» (1963), қырғыз тілінде «Жолдар. Ойлар. Жырлар» (1966) жинақтары жарық көрген.
   М.Әлімбаев ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978), Қазақстанның Халық жазушысы, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері (1996). Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі болған. Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Отан» орденімен марапатталған.
   ҚР Ұлттық кітапханасы ұжымы атынан Қазақ еліне көңіл айтып, қазақтың көрнекті ақынының жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын дейміз.
   Мұзафар атамыз өмірден өткенімен, еліне қалдырып кеткен мұрасы ешқашанда өлмек емес.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование