2017 жылғы 14-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Б.К.Оспанова Минск қаласындағы (Беларус) «Белорус кітапшығаруына 500 жыл» атты Халықаралық конгрессіне қатысты.
Форум Ортаеуропалық бастамалардың (СЕІ), ТМД қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының Мемлекетаралық қорының (ГЫМҚ), мақсатты тұлғааралық байланыстарға арналған ұтқырлық бағдарламарының (MOST) қолдауымен Беларус Республикасының Мәдениет министрлігімен және Беларус Ұлттық кітапханасымен ұйымдастырылған. «Белорус кітапшығаруына 500 жыл» атты Халықаралық конгрессі ЮНЕСКО қамқорлығымен өтті. Форумға әлемнің 24 ел өкілдері, 600-ден астам мамандар қатысты. Конгресс аясында пленарлық отырыс өтті, оның жұмыс барысында өз баяндамаларын Беларус Ұлттық кітапханасының директоры Роман Мотульский, Беларус Ұлттық кітапханасы директорының ғылыми және баспа ісі бойынша орынбасары Александр Суша, Беларус Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық ресурстар бойынша орынбасары Татьяна Кузьминич, Беларус мәдениеті, тілі мен әдебиеті орталығының ғылыми жұмыс бойынша директорының бірінші орынбасары Александр Лукашанец, Беларус Ұлттық кітап палатасы директоры Елена Иванова оқыды. Қыркүйектегі мерейтойлық оқиғаларға тағы бір мерекелік күн – Еуразияның Кітапханалық ассамблеясының (ЕКА) 25-жылдығы қосылды. Осыған орай, конгресс аясында «Еуразияның кітапханалық ассамблеясы» коммерциялық емес серіктестігінің ХХ жалпы жиналысы өтті. Сонымен қатар, ХІІІ Халықаралық кітаптану оқулары және «Бібліятэка – асяродак нацыянальнай культуры» атты XXV Республикалық сайыстың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Конгресстың жұмысының екі күні бойы жеті бөлім жұмыс істеді. «Ортаеуропалық аймақтағы құжаттық мұра: сақтау, зерттеу және елге таныту жолдары» атты халықаралық дөңгелек үстел басты оқиға болды, дөңгелек үстелдің екінші күні «Несвиж» Ұлттық тарихи-мәдени мұражай-қорығында өтті. Көшпелі іс-шараға Роман Мотульский, мұражай-қорықтың директоры Сергей Климов, және де ТМД Ұлттық кітапханаларының директорлары, Молдова, Польша, Словения және Черногорияның мамандары қатысты. Несвиждік сарай Беларустың көрікті жерлерінің бірі, Литовскийдің Ұлы Княздығының бай тегі - Радзивиллардың резиденциясы болған. Үлкен әсем көріністі саябағы бар керемет сарай ЮНЕСКО Әлемдік мұралардың тізіміне енген. Конгресс жұмысының барысындағы көптеген кездесулердің ортақ тақырыбы беларус жерінің белгілі қайраткері Франциск Скоринаның өмірі, қызметі мен мұрасы болды. «Франциск Скорина және оның дәуірі» халықаралық көрмесі аясында «ХІХ-ХХІ ғғ. беларус баспа басылымдарының бейнесі» экспозициясы қойылды. Беларус Ұлттық кітапханасының қорынан ұсынылған үш жүз басылым беларус баспасының үш ғасырының бейнелерін көрсетеді. Экспозицияға жиналған басылымдардың барлығы құнды.
|