KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885584
2019 жылы:  19299
бүгiн:  1
қазiр:  98
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.11.2017

   17 жылғы 15-17 қараша аралығында ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова Гянжа қаласындағы (Әзербайжан) «Гянжа – 2017 жылдың Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығының мәдени орталығы» жобасының аясында «Елдердің көне мұраларының насихатталуы мен сақталуындағы кітаптың рөлі» атты ТМД елдерінің мемлекеттік және ұлттық кітпаханалары қызметкерлерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

   Конференцияны Еуразия Кітапханалық Ассамблеясының ұйымдастырушылық қолдауымен Гянжи қ. Әкімдігімен және ТМД мүше елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығының Мемлекетаралық қорымен ұйымдастырылды.
   Конференцияға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, «Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапханасы» ФМБМ, Ульяновск қ. ОӘҒК және басқа да ұлттық кітапханалардың басшылары, жеке коллекционерлер қатысты.
   Гянжа қаласы 2017 жылы Тәуелсіз мемлекеттер Ынтымақтастығының мәдени астанасы мәртебесіне иемденді. Конференцияның негізгі мақсаты – кітапхана ісінде және кітаби мен қолжазба мәдениетінің ескерткіштерін сақтауда ынтымақтастықты дамытудың ұсыныстарын жасау, ұлттық кітаби орталықтардың арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру.
   Конференцияның салтанатты ашылу рәсімі Гейдар Алиевтың Орталығында Қалалық атқарушы билігінің басшысы Эльмар Велиев мырзаның алғысөзімен басталып, ТМД елдері гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры, Әзербайжан Мәдениет және туризм министрлігі, ТМД елдерінің ұлттық кітапханалары өкілдерінің алғысөздерімен жалғасты.
   ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова «Ұлттық мәдени мұраларды насихаттаудағы Қазақстанның Ұлттық кітапханасының рөлі» атты баяндамасын оқыды.
   «Әзербайжандағы мультимәдениет: тарихи тәжірибе және қазіргі заман» атты халықаралық дөңгелек үстел конференцияның маңызды оқиғасы болды. Кездесу иелері Әзербайжан елінің тарихи тәжірибесі мен мультимәдениетті қолдаудың бүгінгі күні туралы айтып берді. Насихаттаудағы инновациялық жобалар және мәдени мұраларды сақтау туралы тәжірибе алмасу қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудыртты.
   Кәсіби пікірталастар мен дөңгелек үстелдерден басқа қатысушыларды қала басшылығымен кездесу, Гейдар Алиевтың Орталығы мен Мехсети Гянджеви Орталығы сияқты қала инфрақұрылысының бірегей мәдени нысаналары және көрікті жерлерімен танысу күтіп тұрды.
   Мехсети Гянджеви – ХХІ  ғасырдың белгілі ақыны, Ислам жаңғыруының, Балалар кітапханасының және Кішкентай кітаптар мұражайының Гянжилік бөлімшесінің жарқын өкілі. Қала қонақтарына «Гянжа – ТМД мәдени орталығы» бағдардаманың аясында бір ай бұрын ашылған Ф.Амиров атындағы Гянжи мемлекеттік филармониясының Камерлік оркестрінің концерты ұйымдастырылды.

    

 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование