KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885524
2019 жылы:  19239
бүгiн:  1
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.11.2017

   2017 жылғы 28 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық қозғалыстың бастауында тұрған ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің тұңғыш президентінің Еске алу кеші өтті.

   Тимур Досымбетов – спортшы, заманауи бессайыстан 1982 жылғы чемпионы халықаралық олимпиадалық қозғалысында үлкен беделге ие болды. Заманауи бессайыс Халықаралық одағының шешімі бойынша 2016 жылы оның есімі Лозанна қаласындағы (Швейцария)  Олимпиадалық мұражайының даңқ залына енгізілді.
   Т. Досымбетов ҚР ҰОК басқаруының 25 жыл бойы (әр уақыттарда президент, бірінші вице-президент, вице-президент және бас хатшы лауазымдарға ие болған) Қазақстанның олимпиадалық алты жаздық және алты қыстық Олимпиадаларға қатысып, елімізге 16 алтын, 27 күміс және 32 қола медальдар әкелді.
   Қатысушылар: ҚР ҰОК бас директоры Серік Қасқабасов, 1996-2015 жж. ҚР ҰОК вице-президенті Павел Новиков, Досымбетов Т.К анасы – Досымбетова Зинаида Камаловна, ҚР фехтованиядан еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Димов Валерий Павлович, ҚР      Ұлттық ғылым акадмемиясының қадірлі мүшесі, Республикалық спорт коледжінің директоры – Тшанов Амалбек Козыбакович және басқа да еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушылар.
   Қонақтарға Тимур Досымбетовке және оның халықаралық пен қазақстандық спорттағы еңбегіне арналған фильм көрсетілімі өтті.
   Модератор: Алматы қ. ҚР ҰОК төрағасы Макогон Юрий Иосифович.
   Сөз сөйлегендер: «Динамо» ФСҚ ОК төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов; ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР заманауи бессайыс федерациясының бас хатшысы Тюрин Дмитрий Борисович; Ванкувер олимпиадасының қола жүлдегері Хрусталева Елена; ҚР халық әртісі, Досымбетов Т.К. жұбайы Туткибаева Гульжан Усамбековна; ҚР еңбек сіңірген биатлон жаттықтырушысы Семенов Павел Георгиевич және т.б.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование