KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885217
2019 жылы:  18932
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.12.2017

   2017 жылғы 7 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Сулейман Демирел атындағы университетімен біріге Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғырудағы ақпарат құралдарының миссиясы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

  Президент ұсынған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобалары,«Туған жер» бағдарламасы, қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру, «Қазақстандағы  100 жаңа есім»  Қазақстанның БАҚ өкілдері мен кітапханаларының белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында  патриотизмді қалыптастыру, дәстүрлерді, өзінің мәдениеті мен жеке  ұлттық кодын сақтау  сияқты басымдықтар айқындалады. Халықтың ұлттық коды туған жеріне, мәдениетіне, тіліне, әдет-ғұрыптарына, халқының салт-дәстүріне ерекше көзқарас арқылы қалыптасады.
   Ақпарат құралдарының миссиясы маңызды жалпыұлттық тақырыптар бойынша қоғамдық пікір қалыптастыратын тиімді арналардың бірі болу. Пайдаланушылар үшін ақпарат алудың өзектілігі  мен жылдамдығы тұрғысынан ең тиімді мерзімді басылымдар - газеттер мен журналдар болып табылады. Ұлттық кітапхананың  мерзімді басылымдар қорына тарихшылар, саясаттанушылар мен әлеуметтанушы ғалымдар, ізденушілер көптеп жүгінеді. Оқырмандардың   ғылыми, мәдени, білім беру және т.б. түрлі  санаттарын кең ауқымда ақпаратпен қанағаттандыру үшін  газет-журналдар  кеңінен қолданылады.
   Ұлттық кітапханада қорды сақтау үшін ең алғашқы қазақстандық мерзімді басылымдар цифрлық түрге  көшірілді. Заманауи  технологиялар  құжаттардың мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Бұл «Қазақ», «Еңбекші Қазақ» газеттері, «Социалистік Қазақстан» газеті қазіргі таңда цифрлық түрге көшірілуде.

Дөңгелек үстелде талқыланған мәселелер:
● бүгінгі баспасөз: журналист, оқырман, БАҚ нарығы;
● қазақстандық мерзімді  басылымдарда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі;
● оқырманды сақтап  қалу үшін не істеу керек? 

Дөңгелек үстелдің модераторы:
Саудбаев Мадияр Құдайбергенұлы ( СДУ әлеуметтік ғылымдар  кафедрасының меңгерушісі, профессор)
Ұйымдастырушылар: 
-    ҚР Ұлттық кітапханасы;
-    Сулейман Демирел атындағы университет.  
Ұлттық кітапхананың  қорынан ұйымдастырылған көрмелер:
● «Латын графикасындағы  қазақ  кітап басылымдары  (1929-1940жж.)».
● «Латын әліпбиі жайында  мерзімді басылымдарда жарияланған  мақалалар»
   Дөңгелек үстелге республикалық газеттер мен журналдардың жетекшілері және  бас редакторлары, қазақстандық журналистер, оқытушылар, журналистика факультетінің студенттері, оқырмандар қатысты.

     

     

     

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование