KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057955
2019 жылы:  123490
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.12.2017

   2017 жылғы 8 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық  университеті шығыстану факультетінің ғимаратында «Қазақстанға Қытайдың мәдениетін таныстыру:  «Чунцин келбеті» атты сурет көрмесінің ашылуы өтті. 

   Іс-шараны Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы  Бөлтіріков Р.Е., имидждік саясат және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Дюсебаев Д.К., Қытай Халық Республикасының Бас консулы Чжан Вэй құттықтау сөзбен  ашты.
   Іс-шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова А.Х, ҚХР Чунцин қаласы халық үкіметінің өкілі,  «Чунцин дэйли» Xiang Zeying  баспа тобының президенті сөз сөйледі.
   Іс-шара барысында туристік гид «Қазақстанға Қытайдың мәдениетін таныстыру:  «Чунцин келбеті»  сурет көрмесімен  және Конфуция институтының қызметімен директор Асылбеков Р.У. таныстырды. Конфуция институтының студенттері шай демдеу рәсімін, каллиграфия өнерін, дойбы ойынын көрсетті.
   Ұлттық кітапхана «Халықтарды біріктіретін – кітап» атты кітап көрмесін ұсынды. «Xiaomi» интеллектуалды компаниясының ресми дистрибьюторы «Ақылды үй» қондырғысы бар өнімдерді ұсынды.
   Іс-шараға қатысқандар: Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы,   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Чунцин халық үкіметінің насихаттау бөлімі, Чунцин газеті бірлестігі, «Чунцин сегодня» журналы бірлестігі, Конфуция институты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің және колледждердің студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары. 

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование