KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15059080
2019 жылы:  124615
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.12.2017

   Өнер бөлімінің оқу залында композитор, халық әртісі Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың (1927-1993) 90 жылдығына арналған «Дарынды композитор» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ғ. Жұбанова 1927 жылы 2 желтоқсанда Ақтөбе облысы Темір ауданының Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965). Қазақстанның халық әртісі (1973), КСРО халық әртісі (1981). Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін (1949), П.И. Чайковский атындағы консерваторияны (1954) үздікпен, Ю. А. Шапориннің композиция класы бойынша аспирантурасын (1957) бітірген, 1958 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) ұстаздық қызметпен айналысты. 1975-1987 жж. осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан профессор) 1962-1968 жж. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы және КСРО Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болды. «Еңлік – Кебек» (1975), «Жиырма сегіз» (1981) операларының, «Аққұс туралы аңыз» (1966); Қазақстан мемлекеттік сыйлығы, 1970), «Хиросима» (1966), «Қаракөз» (1990) балеттерінің, «Жігер», «Ақсақ құлан» сифония, поэмаларының, «Даладағы таң нұры» (1960), «Мұхтар Әуезов туралы аңыз» (1965) және т. б. романстар, хорлар, әндер, фантазиялардың, спектакльдер мен фильмдерге арналған музыкалардың авторы. Халықтар достығы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Алматы көшелерінің біріне Ғ. Жұбанованың есімі беріліп, тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған. 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар, кітаптар, ноталар және мерзімді басылымдар қорынан Ғ. Жұбанованың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 
   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование