KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885164
2019 жылы:  18879
бүгiн:  1
қазiр:  67
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.12.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің ғалымдар залында Қазақстанның халық жазушысы, ҚР ҰҒА-ның академигі Зейнолла Қабдоловтың 90 жасқа толуына орай «Қаламгер. Ғалым. Ұстаз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Зейнолла Қабдолов 1927 жылы 12 желтоқсанда Гурьев  облысы Мақат ауданының  Доссор кентінде дүниеге келген. 1950 жылы  С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген.
   1950 жылы З. Қабдолов өзінің еңбек жолын «Әдебиет және искусство» журналында жауапты хатшылықтан бастады. 1952-1957 жылдары  Жазушылар Одағының проза бөлімінің меңгерушісі, 1954-1957 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1957-1959 жылдар арасында  Қазақстан Компартиясы ОК-нің сектор меңгерушісі, 1959-1961 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1961-2001 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
   1956 жылы З.Қабдоловтың «Өмір ұшқыны» атты тұңғыш көлемді шығармасы жарық көрді. Содан кейін кейіпкерлері қарапайым адамдар, ойлары мен ұмтылыстары, адами сезімдер болған әңгімелер мен эсселер жинақтары: «Адам» (1964), «Ұшқын» (1956), «Жалын» (1963), «Менің Әуезовім» (1997) және т.б. жалғасты. З.Қабдолов «Мұхтар аға» (1967) деректі фильмінің сценарийін жазды, оның «Сөнбейтін от» (1967) пьесасы М.Әуезов атындағы драма театрдың сахнасында қойылды. А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Л.Кассиль және т.б. ақын-жазушылардың жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударды. Көркем шығармалары бірнеше шет тілдеріне аударылды.
   1961 жылы З.Қабдолов «Қазіргі қазақи әңгіме» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, ал 1970 жылы «Қазақ әдебиетінің теориялық мәселелері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғалымның ғылыми жұмыстары қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясын зерттеуге, қазақ прозасындағы әңгіме жанрының мәселелеріне: «Жанр сыры» (1966), «Әдебиет теориясының негіздері» (1970), «Сөз өнері» (1976), «Жебе» (1977), «Арна» (1988) және т.б. арналды. Ғылыми жас кадрларды дайындауға көңіл бөлді. Оның жетекшілігімен 10-нан астам ғылым докторлары мен кандидаттары дайындалды.
   Зейнолла Қабдолов жоғары мемлекеттік наградалармен: «Құрмет белгісі» (1959), «Халықтар достығы» (1987), «Парасат» (2001) ордендерімен марапатталды. Қазақ КСРО (1984) және Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1995). Қазақстанның халық жазушысы (1994). Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (1998). Атырау қаласының құрметті азаматы. Алматы қаласындағы өзі тұрған үйге мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген.
   Зейнолла Қабдолов 2006 жылы 25 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан алынған Зейнолла Қабдоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, ғылыми еңбектері, көркем шығармалары мен мақалалары, сондай-ақ, туыстарының, достарының мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған естеліктері ұсынылған. 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!                           

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование