KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885264
2019 жылы:  18979
бүгiн:  1
қазiр:  69
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.12.2017

   2017 жылғы 14 желтоқсанда Ермек Тұрсынов киноклубында «Қазақ энциклопедиясы» баспасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын жаңғыртқан жарты ғасыр» атты конференция өтті. Конференция барысында «Қазақ энциклопедиясы» атты анықтамалық пен «Мәңгілік ел» атты фотоальбом ның тұсаукесерлері болды.

   «Қазақ энциклопедиясы» – кешенді ғылыми зерттеулер, тақырыптық және салалық энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер және басқа да көптеген мәліметтер басылып шығарылатын жалпы қазақ баспаларының тарихында баспа жетістіктерінен, тарихынан ақпарат беретін, энциклопедиялық анықтамалық тұңғыш басылым. «Мәңгілік ел» фотоальбомы 2017 жылы өткен «ЭКСПО» халықаралық көрмесінде Гран-при жүлдесін жеңіп алған баспа өнімі. Жарты ғасыр бойы елге елеулі үлес қосқан «Қазақ энциклопедиясының» 50 жылдық жұмысы барысында бірнеше жүздеген энциклопедиялық жинақтар мен анықтамалар жарық көрді.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов және «Қазақ энциклопедиясы» баспасының директоры, PhD докторы Ж.Н.Тойбаева ашты.
   Конференция барысында баспаға еңбегі сіңген елеулі азаматтар әр түрлі марапаттармен марапатталды.
   Модератор: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы бас редакторының орынбасары Н.К.Мауытов.
   Қатысушылар: жазушы, баспагер-энциклопедияшы Т.Б.Рсаев; ф.ғ.д., академик Ә.Н.Нысанбаев; ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институтының» директоры, т.ғ.д., профессор Аяған Бүркітбай; ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Е.Тілешов; ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғ.С.Мелдеш.

       

     

     

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование