KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885172
2019 жылы:  18887
бүгiн:  1
қазiр:  75
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.12.2017

   2017 жылғы 13 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алаш автономиясының 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

   Аталған іс-шарада «Алаш»  қозғалысының 100 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  «Алаш» қозғалысы: тарих және қазіргі заман» және «Әлихан Бөкейхан (1866-1937)» библиографиялық көрсеткіштерінің және "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің "Алаш Орда: ұлттық идея және дін мәселелері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары жинағының тұсаукесерлері өтті.
   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Алаш»  қозғалысының 100 жылдығына орай биылғы жылы ««Алаш» қозғалысы: тарих және қазіргі заман» атты библиографиялық көрсеткішті дайындап шығарды. Басылым 2005 жылы жарық көрген ««Алаш» қозғалысы: тарих және қазіргі заман» атты библиографиялық көрсеткішінің жалғасы болып табылады. Көрсеткіште Алаш қозғалысы тарихына қатысты 1908 жылдан 2017 жылдың қыркүйек айына дейінгі әдебиеттер қамтылды. 
   2016 жылы Әлихан Бөкейханұлының мерейтойы ЮНЕСКО аясында аталып өтілуіне байланысты және биылғы «Алаш»  қозғалысының 100 жылдығына орай қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы Үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалымның өмірі мен қызметіне арналған библиографиялық көрсеткіштер дайындалды. Басылымға 1889 жылдан бастап 2016 жылдың желтоқсан айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген әдебиеттер қамтылды.
   Библиографиялық көрсеткіштер тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған.
   «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен биыл Алаш автономиясының 100 жылдығына орай мынадай кешенді жобаны жүзеге асырған болатын: «Алаш Орда»: ұлттық идея және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Азат рухтың алдаспандары» атты ұлттық музыка кеші, «Алаш арыстары: ұлттық дәстүр және дін» атты деректі фильм, «Алаш Орда»: ұлттық идея және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағының тұсаукесері.
   «Алаш идеясының қалыптасуы мен мәні» бөлімінде Алаш арыстарына дейінгі ұлттық құндылықтар мен діни отарлау саясатының мәселелері туралы материалдар жарияланса, «Алаш қайраткерлерінің қызметі мен мұрасы» бөлімінде нақты алаштықтардың ұлтқа сіңірген еңбегі турасындағы материалдар жарық көрген. Жинақ қалың жұртшылыққа арналады.
   Іс-шара аясында «Алаш» партиясы туралы деректі фильмнің көрсетілімі болды.
   Іс-шараны ҚР ҰК Ұлттық библиография қызметінің жетекшісі Әлия Сайдембаева ашты.
   Модератор: Абай атындағы  ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының директоры, т.ғ.к., профессор Жұмагұлов Болат Сағидоллаұлы.
   Сөз сөйлегендер:
«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкір; ғалым, т.ғ.д, профессор, белгілі алаштанушы М.Қ.Қойгелдиев; Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Алаштану орталығының директоры, алаштанушы, әлихантанушы Сұлтан-Хан Аққұлы; ф.ғ.д., профессор, әдебиеттанушы Айгүл Ісмақова; Халықаралық адам институты директорының м.а. Әкім Жанұзақ.
   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоғамдық қоры, "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі, Халықаралық адам институты.

     

      

     
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование