KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057877
2019 жылы:  123412
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.12.2017

   2017 жылғы 15 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жұмысының аясында ҚР Ұлттық кітапханасы жастарының Өзбекстан Ұлттық мәдени орталығы жастар қанатының өкілдерімен кездесуі өтті.

   Достық кездесу Қазақстанда жарияланған Өзбекстан жыл − 2018 жылы қарсаңында өткізілді. Кездесу аясында бауырлас халықтарға жақындасу мен бірігуді насихаттау үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
   Ғасырлар бойы қалыптасқан өзбек халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары ерекше, жарқын және әртүрлі, оларды мұқият сақтап, ұрпақтан−ұрпаққа жалғастырып келеді. Қонақжайлылық пен үлкендерді құрметтеу – салт-дәстүрлерінің негізі боп табылады.  
   Достық әңгіме барысында кітапхана жастары өзбек халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысты. Сондай-ақ, жастар арасында өзбек ақындарының өлеңдері мен әндері, билері орындалған сайыс өтті. Құрамына ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова, Өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Абдулхалил Уралбаев, Өзбек этномәдени бірлестігі  Әйелдер кеңесінің төрайымы М.Б.Ташпулатова және Өзбек этномәдени бірлестігі  Жастар қанатының төрағасы Ш.А.Молайханов кіретін әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

     

     

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование