KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885246
2019 жылы:  18961
бүгiн:  1
қазiр:  61
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.12.2017

   2017 жылғы 13,14 желтоқсан күндері Ермек Тұрсыновтың кинозалында «Қазақфильм» киностудиясының екі деректі фильмінің – «Казахский танец» және «Қаз дауысты Қазыбек би» көрсетілімдері өтті.

   «Казахский танец» деректі фильмінің авторлары – Әнуар Сыздықов пен Ғазиз Насыров. Кино ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген. Ойын қойылымды түсірілім элементтерімен түсірілген «Казахский танец» фильмі қазақ биінің тарихын жас балерина, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенті, Халықаралық сайыстың лауреаты Жанел Ұланованың тағдыры арқылы көрсетеді. Фильмде А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің мұражайынан, «Астана Балет» театрынан, «Наз» Мемлекеттік би театрынан, сонымен қатар, Флюра Мусинаның авторлық «Легенды и Мифы Оперного» атты бағдарламасынан және «Синий маршрут» («Қазақфильм», 1968 ж.) кинотаспасынан алынған архивтік материалдар қолданған. Түсірілім Астана, Алматы, Қызылорда, Семей, Шымкент қалаларында өткен.
   Қазақтың үш ұлы билерінің бірі – Қазыбек бидің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы «Қаз дауысты Қазыбек би» деректі фильмі аңызға айналған тарихи қайраткердің 350 жылдығына орайластырылып және Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсірілді.
   «Қаз дауысты Қазыбек би» деректі фильмінің авторлары – драматург, режиссер Ғазиз Насыров және кинодраматург, өнертанушы Ерлан Төлеутай. Фильмде Қытай мен Ресей елдерінің халық аңыздарынан Қазыбек бидің жеке тұлғасына қатысты архивтік материалдар қолданған. Тарихи мәліметтерден басқа, таспада театр мен киноның кәсіби актерлерінің қатысуымен қойылымдық көріністер бар.


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование