KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058400
2019 жылы:  123935
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.12.2017

    2017 жылғы 20 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда көрнекті ғалым, сыншы, қаламгер, республикамызға еңбегі сіңген мәдениет және ғылым қайраткері, ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы Рахманқұл Бердібайдың туғанына 90 жыл толуына байланысты баспалардан шыққан: «Өнегелі өмір» сериясындағы Рахманқұл Бердібай, Д.Ысқақовтың «Рахманқұл Бердібай», «Аманаттай сақталған асыл мұра» (құраст. Ж.Камалқызы, А.Бердібай), «Хаттарда сақталған ғасыр шежіресі» (құраст. Ж.Камалқызы) атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

   «Өнегелі өмір» кітабында Р.Бердібайдың басты еңбектері, белгілі әдебиет және қоғам қайраткерлерінің пікірілері, ғалымның жеке мұрағатындағы құжаттардың және фотосуреттердің көшірмелері топтастырылған.
Д.Ысқақұлының «Рахманқұл Бердібай» атты кітабы – әдебиетші-ғалымның тұтас шығармашылық  келбетін ашуға арналған монографиялық еңбек.
   «Аманаттай сақталған асыл мұра» кітабы  Рахманқұл Бердібайдың жеке мұрағатында сақталған Халық университетінің сабақтары мен жұмысы туралы жазбалардан тұрады. Естеріңізге салсақ, ол 35 жылдан астам Алматы қалалық халықтық қазақ әдебиеті мен өнер университетінің ректоры болған.
   «Хаттарда сақталған ғасыр шежіресі» атты кітапқа Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркменстан, Таулы Алтай, Қытай, Моңғол, Саха, Кавказ, Қрым, Еділ бойындағы елдер, Дағыстан, Ставрополь, Қырғызстан, Әзрбайжан және  т.б жерден келген этникалық қазақтардың хаттары кірген.
   Рахманқұл Бердібай – ғылым мен білім саласын дамытуға ден қойған, қазақ әдебиеттануы тарихында өшпес із қалдырған талантты тұлға.
   Іс-шараны ҚР Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин ашты.
   Модератор: ХДП «Нұр Отан» Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары К.С.Матыжанов.
   Сөз сөйлегендер: ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері А.Т.Миразова, филология ғылымының докторы Дандай Ысқақ және т.б.

     

     

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование