KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885423
2019 жылы:  19138
бүгiн:  1
қазiр:  53
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2017

   2017 жылғы 21 желтоқсанда ҚР Ұлттық кiтапханасының Н.Дәулетова атын. залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған «Қазақтың Ұлы жазушысы» атты кеш өтті.

   Қазақстанның түкпір-түкпірінде жыл бойы Ұлы жазушының мерейтойына арналған түрлі іс-шаралар аталып өткізілді. Сонымен қатар, шет мемлекеттер − Қырғызстан, Түркия, Ресей, Өзбекстанда кең көлемде атап өтілді. ҚР Ұлттық кітапханасының төрінде өткізілетін бұл кеш – осы мерейтойлық жылды қорытындылайтын іс-шара.
   Іс-шара мақсаты: Рухани жаңғыру аясында Ұлы жазушының әдеби мұрасын зерттеп және  М. Әуезовтің шығармашылығын насихаттау.
   Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы қазақ халқының ұлттық ой-санасының, сөз өнерінің, көркем прозасының асқар биігі, суреткер жазушы, драматург, ғұлама ғалым – әдебиет зерттеуші, ұлағатты ұстаз, ірі қоғам қайраткері. Жиырмадан астам романдар, көптеген тамаша әңгімелер мен повестер, пьесалар, киносценарийлер және «Абай» операсының либреттосын жазған. Оның шығармашылығының ең биік шыңы − ұлы Абай туралы төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы болып табылады. Бұл шындыққа, үндестікке және өзінің көп азап шеккен  қазақ халқына деген шынайы махаббатымен оны терең рухани іздену және ұдайы жетілдіру жолымен өзін-өзі тануға алып келді.
   2015 жылдан бастап «Мұхтар Әуезов әлемі» атты толықмәтінді электрондық кітапханасы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында орналасқан. Ақпараттық ресурстың негізгі мақсаты – Мұхтар Әуезовтің  әдеби мұрасына бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлемдік және отандық қауымдастықтарды  қазақ классигінің шығармашылығымен таныстыру,  ұлы жазушының өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту.
   Жазушының туған күніне орай Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Нұрым ауылында «Әуезов» бағы ашылды.
   Кеш барысында естелік-сұхбат, ашық әңгіме отырысы және Мұрат Әуезовтің «Времен связующая нить», «Ділім» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.
   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР БҒМ М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты.
   Кеш қонақтары: мəдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Əуезов, Смағұл Елубай, Дулат Исабеков, Бақытжан Қанапиянов, Сафар Абдулла жəне т.б.
   Қатысушылар: Қоғам қайраткерлері, белгілі жазушылар, әдебиетшілер, ғалымдар, жазушының туған-туыстары, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар және БАҚ өкілдері.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование