KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885297
2019 жылы:  19012
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.12.2017

   2017 жылғы 15 желтоқсанда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады.

   ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жиын қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде Қазақстан Тәуелсіздік күні елдің әрбір азаматының өмірінде маңызды мереке екендігін айтып өтті.
   «Елбасының сарабдал да көреген саясатының арқасында Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында бәсекеге қабілетті экономикасы, дамыған инфрақұрылымы және ірі интеллектуалды капиталы бар табысты мемлекетке айналды. Мемлекеттің өркендеуінде өз үлесін оның дамуына күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір азаматының маңызы ерекше», - деді министр.
   Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан
«Парасат» орденімен
кинорежиссер Каменский Алексей Владимирович,
жазушы Раушанов Есенғали Әбдіжапбарұлы,
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ғылыми қызметкері Зайнолла Самашев,
сазгер Тұрысбеков Секен Кәрімұлы және т.б. наградталды
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
Ла Скала театрының бас дирижері Зубин Мета,
виоленчелист Ролдугин Сергей Павлович және т.б. наградталды.
«Құрмет» орденімен
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы» РМҚК директоры Нұрболат Ахметжанов,
«Сакральды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы,
«Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымы» РМҚК шебері Әбішев Қайролла Зекенұлы,
«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ жетекші опера солисті Байғожин Сүндет Әбдірахманұлы
«Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры Берсүгірова Шынар Азайқызы,
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы РММ директоры Бикенев Рустам Төлегенұлы,
«Астана Балет» театры» ЖШС балет солисті Буриев Фархад Тахирович,
«Сардар» баспа үйінің директоры Қойтанов Әділ Қаженбайұлы,
«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Қыпшақбаев Мұратбек Сұлтанбекұлы,
Продюсер Серкебаев Байғали Ермекұлы және т.б. наградталды.
Сонымен қатар мәдениет, спорт және тілдер дамуы үшін үлес қосқан азаматтарға «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының құрмет грамоталары және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
   Медальмен марапатталғандардың арасында елімізде және халықаралық деңгейде танымал ғалымдар, әртістер және спортшылармен қатар күнделікті еңбегі елеусіз, бірақ қоғам өмірі үшін маңызды қызметкерлер де бар.

https://www.facebook.com/%D2%9A%D0%A0-%D0%9C%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D1%81%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82-%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%B3%D1%96-%D0%9C%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%BE-%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D1%83%D1%80%D1%8B-%D0%B8-%D1%81%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0-%D0%A0%D0%9A-398062810292709/?hc_ref=ARR_NHt80xdLOEShRNhV7CiLB3T8Al0Mca2Su2Me7VU-gWgskH6hMX2Ws1ItA0Kn17U

     

                                                  

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование