KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885310
2019 жылы:  19025
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.12.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында балет әртісі, балетмейстер, педагог, Қазақстанның халық әртісі Бапов Рамазан Салықұлының 70 жылдығына арналған «Қазақ биінің маэстросы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Бапов Рамазан Салықұлы – 1947 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Мәскеу хореографиялық училищесін бітірген соң, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына қабылданған. Р.Бапов: Зигфрид пен Дезире (П.И.Чайковский, «Аққу көлі» мен «Ұйқыдағы ару»), Базиль мен Солор (Л. Минкус, «Дон-Кихот» пен «Баядерка»), Спартак (А.Хачатурян, «Спартак»), Альберт (А.Адан «Жизель»), Ромео (С.Прокофьев, «Ромео мен Джульетта») сияқты классикалық партиялардың шебер орындаушысы. Сонымен қатар, қазақ классикалық балеттерінде: (Е.Брусиловский, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу») Қозының, (Т. Мыңбаев, «Фрескалары») Ишпактың, (М.Сағатов, «Әлия») жігітті және т.б. партияларды орындады. 1969 ж. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық және 1974 ж. Варнада өткен халықаралық балет әртістері байқауларының лауреаты. Берлиндегі Бүкіләлемдік 10-шы жастар фестивалінің, Батыс Берлиндегі (1973) қазақ өнері күндерінің және АҚШ-тағы Қазақстан күндерінің қатысушысы. Гастрольдік сапармен Үндістан, Иордания, Малайзия, Сингапур және т.б. шет елдерде болды. 1979 жылы Бапов КСРО халық әртісі атағын алды. Ол қазақстандық балет тарихында КСРО-ның халық әртісі атағын алған алғашқы және жалғыз адам. Сахнада өнер көрсетуін аяқтай жүріп, Бапов Ленинградтағы Римский-Корсаков атындағы консерваторияны бітірді (балет режиссурасы кафедрасы, 1986) Стамбул мемлекеттік өнер және балет театрына жұмыс істеуге кетіп, ол жақта консерваторияның ерлер балет класын қатар жүргізеді (хореография кафедрасы). Бапов онда 13 жыл мерзімге қалады, Атлантта тұрып, сол жерде жұмыс істейді. Кейіннен, Джорджия штатында 140 оқушы оқитын өзінің балет мектебін ашады, сондай-ақ басқа да жеке меншік мектептерде жұмыс атқарады. Нөмірлер және бір актілі балеттер, «Щелкунчик» балетінен үзінділер - «Шығыс билері», «Қар биі», «Қытай биі» сияқты туындыларды қойды. Баповтың оқушылары бүкіламерикандық байқауларда бірінші орынды иеленді. 2007 жылы Бапов Президент Н.Назарбаевтың шақыртуын алып, Қазақстанға оралды. Бір жылдан кейін оған Алматыдағы Абай атындағы МАОБТ балет трупасына жетекшілік ету сеніп тапсырылды, 2008 жылдан бастап ол Абай атындағы МАОБТ-ның бас балетмейстері.
   1976 ж. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, ал 1981 ж. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорынан Бапов Рамазан Салықұлының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование