KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885239
2019 жылы:  18954
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.12.2017

   2017 жылғы 22 желтоқсанда «Қазақстан кітаптары» оқу залында Алматы қ. Қазақстан халықтары Ассамблея Депозитарийі қызметі аясында Татарстан Республикасының халық жазушысы Рабит Батулланың «Жизнь и творческий путь» атты кітабының тұсаукесері өтті.                      

   Рабит Батулла –  Татарстанның  халық жазушысы, әдеби сыншы,драматург, сатирик, публицист, қоғам қайраткері, театр режиссері,педагог. Татар АССР - нің еңбек сіңірген өнер қайраткері.
   Рабит Батулланың  алғашқы кітабы - «Менің атым Дурткюз» ертегі-повесі 1966 жылы шықты.  «Ақ қасқыр»  ертегісі үшін (1988)  ол  А. Алиша атындағы  Татарстан Жазушылар одағының әдеби сыйлығымен марапатталды. Сонымен қатар, жазушы 2000 жылы  түрікшеден  татар тіліндегі  Құран аудармасын шығарған.
2008 жылы  «Татарстан Республикасының халық жазушысы» құрметті атағын алды.
   Іс-шара «Қазақстан кітаптары» қызметінің ұйымдастыруымен, РҰБ «Қазақстанның  татар және башқұрт конгресі» басқармасымен бірлесіп,   Қазақстан және Татарстан Жазушылар одағының өкілдері, Алматы қаласының зиялылары мен жұртшылығы,  сондай-ақ жоғарғы оқу орындары студенттері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен,   Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қызметінің аясында өткізілді.
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстан аумағында тұратын татар халқының  салт-дәстүрлері мен өмір тарихына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге  қазақ, орыс және татар тілдеріндегі көркем әдебиеттер ұсынылды.

     

                                             

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование