KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885157
2019 жылы:  18872
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2017

   2017 жылғы 22 желтоқсанда Н. Даулетова атындағы залда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Халықаралық адам институтының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты дөңгелек үстел өтті.

   Қазақстан Республикасының Президентінің "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы қайта түлеудің айрықша маңыз¬ды екі процесі – саяси реформа мен эко¬номи¬калық жаңғыруды қолға алуды көздеген, мақсаты мен бағыты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Рухани жаңғыру 2004 жылғы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғыртудан, және де 2013 жылғы «Халық – тарих толқынында» бағ-дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинау мен зерттедеуден бастау алады.
   Дөңгелек үстелде зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшу, гуманитарлық білім жүйесін жаңарту, ұлттық мәдениетті шетелге таныту, «Туған жер» бағдарламасын, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын іске асырудың маңыздылығын және басқа да өзекті мәселелерін көтерді.
   Баяндамашылар халқымыздың мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары арқылы жас ұрпақтың санасын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Осы ретте зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы айқындаған прагматизм, бәсекелік қабілет, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашықтығы секілді қоғамдық сананы жаңғыртудың іргелі бағыттары бойынша елімізде кешенді іс-шаралардың іс жүзінде жүзеге асырылуын көрсетті.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов ашты.
   Дөңгелек үстел аясында көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Сөз сөйлегендер: Халықаралық адам институтының президенті Жанұзақ Әкім; қоғам қайраткері, профессор Оразалы Сәбден; Ә.Қастеев атындағы мұражай-үйінің қызметкері Гүлнұр Жұбанова және т.б.
   Қатысушылар: Қазақстан Республикасының Гуманитарлық ғылым академиясының академигі Уәхит Шәлекенов, «Табиғат» Қазақстан ассоциациялары мен кәсіпорындарының экологиялық одағының президенті Мэлс Елеусізов, ҚР ҰҒА-ның академигі Әбдіжапар Сапарбаев, ақын Ғабиден Жәкей, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері, оқырмандары және т.б.


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование