KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885259
2019 жылы:  18974
бүгiн:  1
қазiр:  66
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.12.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында қазақ композиторы, Қазақстанның халық әртісі Мыңжасар Маңғытаевтың (1937-2011) 80 жылдығына арналған «Сазды әуеннің саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   М. Маңғытаев 1937 жылы 23 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Маяқұм ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы  қазақ мемлекеттік консерваториясы) профессор Қ.Х. Қожамияровтың композиция сыныбы бойынша бітірген. М. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады. Оның ұлттық-бояулы мәнеріне вокалдық және халық-аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. М. Маңғытаевтың мәнері, әсіресе, «Қозы мен Баян» балетінде, «Арман», «Құлагер» симфониялық поэмаларында, «Шексіз махаббат» ораториясында, «Ақсақ құлан», «Жайлауда», «Қаратау әуендері» сияқты хорға арналған поэмаларында, әндерінде анық байқалады. Ұлы Абайдың өлеңіне жазылған «Не іздейсің көңілім» әні тек кәсіби орындаушыларға ғана емес, халық арасында да жақсы мәлім.
   Профессор М. Маңғытаев 1967-1969 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының Атқарушы хатшысы, 1969-1976 жылдары «Жазушы» баспасы өнер және музыка редакциясының бас редакторы қызметін атқарды. М. Маңғытаев 1988-1991 жылдар аралығында Алматы облыстық музыка қоғамына төрағалық етті. 1991-1993 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы төрағасының бас кеңесшісі, ал 1997 жылы республикалық дәрежеде зейнеткерлікке шыққанға дейін екінші хатшы міндеттерін атқарды.
   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітаптар және мерзімді басылымдар қорынан қазақ композиторы, Қазақстанның халық әртісі Мыңжасар Маңғытаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

Кітап көрмесіне келіңіздер!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование