KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885118
2019 жылы:  18833
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.12.2017

    2017 жылғы 24 желтоқсанда Е.Тұрсынов кинозалында  «Қазақ радиосы» Алматы студиясынан шығатын «Тайжарыс» бағдарламасының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырған, бүкіл Қазақстаннан жиналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Елім деп соғар жүрегім» атты Республикалық байқау өтті.

   Еліміздің болашағы – талантты ұрпақтың қолында деген ұстаныммен, «Қазақ радиосының» төл жобасы «Тайжарыс» радиобайқауы тәжірибе алмасу алаңын жасау және өнерлерін көрсету мақсатында еліміздің түкпір түкпірлерінен өнерлі балаларды жинаған. Осы бағытта жас ұрпақтың озық білім алуына, ұлттық құндылықтарға баулып, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға аса назар қойылған.

   Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Елім деп соғар жүрегім» атты Республикалық байқауда балалардың өнерлері мен қабілеттерін үш бағытта: ән, би және көркем сөз бағаланды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марарпатталды. 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование