KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885226
2019 жылы:  18941
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.12.2017

   2017 жылғы 26 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен,  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ғалым, шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұлының дайындап баспаға ұсынуымен әйгілі ғалым, тарихшы Ниғымет Мыңжанидың «Таңдамалы мақалалар» және әйгілі тарихшы, қоғам және мемлекет қайраткері Зардықан Қинаятұлының «Тарихқа көзқарас», «Найман хандығы: тарихы және мәдениеті ХІІ-ХІХ ғғ.» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімдері өтті.

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ғалым Ниғымет Мыңжанидың Қазақстанда жарық көрмеген еңбектері арасынан таңдап  алынған ғылыми «Таңдамалы мақалалар» топтамасы басылымға шығарылған. Жинақтан ғалымның қазақ тарихы, әлеуметтік шаруашылғы, тілі, діні, әпсаналары мен фольклоры жайлы жазған құнды да қызықты материалдарды көруге болады.
   Зардықан Қинаятұлының «Тарихқа көзқарас» атты екі томдығы автордың 1996-2015 жылдары Қазақстан баспасөзінде жарияланған ғылыми мақалалары, келелі сұхбаттары мен естеліктері енгізілген.
   «Найман хандығы: тарихы және мәдениеті ХІІ-ХІХ ғғ.» - ХІ-ХІІІ ғасырларда Алтай, Ханғай аралығында салтанат құрған Найман хандығының тарихы мен мәдениетінің құнды мұраларын зерттеуге арналған алғашқы монография.
   Кітаптардың тұсауын Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, тарих ғылымдарының докторы,  ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Хангелді Әбжанов кесті.

     

                                          

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование