KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885265
2019 жылы:  18980
бүгiн:  1
қазiр:  70
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.12.2017

   2017 жылғы 26 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шамшәдин Керімнің «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби – ғұлама ғалым, ақын» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Монографияда қазақ жерінен шыққан, ислам ғылымдары саласында елеулі еңбектер қалдырған аса көрнекті ғалым Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фарабидің (1286-1357) өмірі мен шығармашылығы тың деректер негізінде баяндалады. Кітапта оқымыстының бұрынғы зерттелмеген туындылары талданып, әлі күнге дейін жарияланбаған қолжазбаларының суреттері ұсынылды. Бұл еңбек ғалымдар мен ізденушілергеғана емес, сондай-ақ көзі қарақты оқырманға арналған.
   Модератор: теолог.ғ.д., доцент, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы наиб-мүфтиінің орынбасары Алау Әділбаев.  
   Сөз сөйлегендер: Р.Б.Сүлейменов атындағы  Шығыстану институтының директоры, филол.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Әбсаттар қажы Дербісәлі; «Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің ректоры, доктор, профессор Жуда Абдулғани Басюни; Ислам.ғ.д., Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, университет жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Қайрат Құрманбаев.

     

     


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование