KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885110
2019 жылы:  18825
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.12.2017

   2017 жылғы 22 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда Баспагерлер, полиграфисттер және кітаптаратушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медальдарымен және құрмет грамоталарымен марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

   Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.  Кітап ісі мемлекеттің мәдени және әлеуметтік әл-ауқатының негізі, ақпарат пен білім тасымалдаушысы, рухани мәдениетті, идеологияны, адамгершілік принциптерін, адамның іскерлік қасиеттерін және оның зияткерлік әлеуетін қалыптастырушы құралы болып табылады.
   Салтанатты шара баспа-полиграфия саласы мен кітапхана жүйесі қызметкерлерін: «Дәуір», «Атамұра», «8&8», «Арман-ПВ», «Аруна», «Алматы полиграфия колледжі», «Көкжиек», «Study INN», «Интелсервис», «Көкжиек-Горизонт», «Алл Компани», «Мектеп», «Балалар әдебиеті», «Едустрим», «Қазақ энциклопедиясы», «Арыс» баспаларының директорлары, директор орынбасарлары мен қызметкерлерін, сонымен қатар кітап мәдениетін арттыруға зор үлес қосқан еліміздің көрнекті мәдениет, саясат қайраткерлерін марапаттауға арналған.
   «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалінің құрылтайшылары: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы; Қазақстан Жазушылар Одағы; Баспагерлер, полиграфисттер және кітаптаратушылар қауымдастығы; Қазақстан Республикасының Кітапхана қауымдастығы; Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы.
   Іс-шараны ашқан және марапаттау рәсімін өткізген: Марапаттау комиссиясының төрағасы – Баспагерлер, полиграфисттер және кітаптаратушылар қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Жаната Тұрарұлы Сейдуманов.
   Іс-шара барысында Баспагерлер, полиграфисттер және кітаптаратушылар қауымдастығының президенті Ж.Т.Сейдумановтың қорытынды баяндамасының слайд-шоуы ұсынылды.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование