KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885107
2019 жылы:  18822
бүгiн:  1
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.12.2017

   2017 жылғы 27 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда Елбасымыздың «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  «Қазақ радиосы» Алматы студиясының ұйымдастыруымен Алашорданың 100 жылдығына орай «Алаш идеясы және Қазақ радиосы» тақырыбында радио конференция өтті.

   Конференция барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы фотожинақтың және Алаш Орда партиясының көшбасшылары туралы «Бес Арыс» атты кітаптың тұсаукесер рәсімдері өтті. Алашордалықтардың ойлары мен іс-әрекеті бүгінде тәуелсіз Қазақстанның мүддесіне қызмет етуде. Олардың рухани-адамгершілік болмысы, туған жері мен халқына деген сүйіспеншілігі мемлекетіміздің территориялық тұтастығын, мәдениеті мен тілін сақтап,  демократиялық сайлаудың, әскердің, милицияның, әділ соттың негізін қалады.
   Кітаптардың тұсауларын кескендер: «Нұр Отан» ҰДП Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжанұлы; А.Байтұрсынұлының жиен немересі Айман Байсалова; ф.ғ.д., профессор Темірхан Тебегенов; ф.ғ.д., қоғам қайраткері Асылы Осман.
   Сөз сөйлегендер: Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология жəне əлем тілдері факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы; «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Əлім; ақын Бақыт Беделхан; А. Байтұрсынов атындағы мұражайдың директоры Райхан Имаханбетова және т.б.
   Модератор: ақын, «Қазақ радиосының» редакторы Бақыт Жағыппарұлы.

     

     
  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование